сенбі, 19 сәуір, 2025

Қызметте қаза тапқан полицейлердің отбасыларына өтемақы беріледі

/
Polisia.kz

Қазақстанда қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан барлық құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері мен әскери қызметкерлердің отбасына ай сайынғы төлемдер беріледі. Осылайша 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелеріне де өтемақы тағайындалады.

Бүгін мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасына сәйкес, бүгінгі таңда ай сайынғы төлемді алмайтын тұлғалардың жағдайын жақсартуға бағытталған түзетулер көзделіп отыр.

Жаңа нормаға сай қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері бір жолғы төлемдерден бөлек, қосымша ай сайынғы төлемдер алуға құқылы болады (жесірлерге – өмір бойы, балаларға – 23 жасқа толғанға дейін).

Бұл санатқа 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін (яғни 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті заң күшіне енгенге дейінгі) қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері енгізіледі. Бүгінде бұл санатқа 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта қаза тапқан, ай сайынғы ақшалай төлем алмаған 530 отбасы кіреді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары