7 мамырда Астанада Төтенше жағдайлар министрлігі тарихында алғаш рет ведомствоның 170 әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысады.
Олардың арасында ҚР ТЖ Министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бастамасымен құрылған «Айбат» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері бар.
Шеруге қатысушылар орналасқан әскери лагерьге ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев келді. Ол дайындық пен тәртіптің жоғары деңгейін атап өтті.
Шеруге ТЖМ техникасы — «АЛАН» броньды автомобильдері және «Айбат» бөлімшесінің арнайы машиналары да тартылатын болады.
Шеруге қатысу бүкіл ведомство үшін маңызды оқиға болды. Бұл тек саптық түзету мен техникалық жарақтандыруды көрсету ғана емес, сондай-ақ ардагерлердің ерлігіне құрмет көрсету.
ҚР ТЖ Министр генерал-майор Шыңғыс Әрінов шеруге қатысу кәсіпқойлықтың, бірліктің және кез келген жағдайда халыққа қызмет етуге дайындықтың символы екенін атап өтті.