сенбі, 19 сәуір, 2025

Шетелдік азамат қазақстандық келіншекке үйленем деп, ақшасын алып алған

/
istockphoto.com

Әлеуметтік желідегі алаяқтар Ақмола облысында тұратын келіншекті алдап, ақшасын қолды еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, биылғы ақпан айында ол әлеуметтік желілердің бірінде өзін James Charles деп таныстырған белгісіз азаматпен танысқан. Кейін олардың арасындағы байланыс WhatsApp мессенджерінде жалғасқан. Әлгі ер адам өзін БҰҰ-ның Никосиядағы бітімгершілік миссиясында қызмет атқаратын әскери қызметші ретінде таныстырып, жақын арада Қазақстанға келіп, жәбірленушімен шаңырақ көтергісі келетінін айтқан.

«Демалысты рәсімдеу қажет» деген сылтаумен ол әйелден 550 АҚШ долларын жіберуді сұраған. Жәбірленуші күдіктенбей, сұралған соманы – 115 мың теңгені көрсетілген деректемелерге аударған.

Арада біраз уақыт өткен соң, әйелмен қайта байланысқа шыққан өзге біреулер өзін «БҰҰ кеңсесінің қызметкерлеріміз» деп таныстырып, ұшу билеттерінің ақысы үшін қосымша қаражат талап еткен. Барлық шығындар кейін өтелетіні жөнінде уәде етілген. Алайда осы тұста жәбірленуші күмәнданып, бұл қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта аталған фактіге байланысты полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бағытында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары