сенбі, 19 сәуір, 2025

Абай облысында екі адам өзенге батып кетті

/
istockphoto.com

Аягөз ауданының Ақшаулы ауылында үш ер адам өзен үстіндегі көпірден суға құлап, оларды ағыс алып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай 15 сәуір күні күндіз болған. Шаруа қожалығының үш жұмысшысы Қаракөл өзенінің үстіндегі көпірден өтіп келе жатып, құлап кеткен.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 16 сәуір күні таңда құтқарушылар 44 және 46 жастағы азаматтардың денесін судан алып шыққан. Ал үшінші 1967 жылы туған адам іздестіріліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары