сенбі, 19 сәуір, 2025

Қазақстанда тәтті өнімдер сататын компанияға қатысты тергеу басталды

/
istockphoto.com

Тәттіні өткізу нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану дерегі бойынша «КДВ Қазақстан» ЖШС-не қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдеді.

«Талдау нәтижелері бойынша компания қызметін іске асыру барысында тәтіге түрлі баға белгілеген. Дәлірек айтсақ, кондитерлік өнімдерді сату бойынша балама шарттарға әртүрлі бағалар мен шарттарды қолданған. Мұндай фактілер монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын көрсетеді», – делінген хабарламада.

Монополияға қарсы органдар компанияға  хабарлама жолдады. Олардан анықталған бұзушылықты өз еркімен жою талап етілді. Агенттік мәліметінше, компания «тергеу бастауға негіз болған шарттарды орындамаған».

«Жүргізіліп жатқан тергеу аясында компания әрекетіне құқықтық баға беріледі», – делінген хабарламада.

KDV group компаниясы жеңіл тағамдар, кондитерлік өнімдер мен соустар шығаруға маманданған Ресейдегі ең ірі азық-түлік холдингтерінің бірі.

Қазақстандағы «КДВ Қазақстан» филиалы («КДВ Қазақстан» ЖШС) өнімдерді Yashkino, Babyfox, O'zera, Calve, Nina Farina брендтерімен сатады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары