Сот борышкерден кәмелетке толмаған баланы асырау үшін барлық табыс түрлерінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы қаулы шығарған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот орындаушысының қаулысының негізінде борышкердің қарыз сомасы 6 млн теңгеден асқандығы анықталған.
Оған қарыз жөнінде және жұмыспен қамту қажеттілігі және жұмыспен қамту орталығында тіркелу туралы бірнеше рет хабарланған.
Осыған қарамастан ол 2007 жылдан бері сот актісінің талаптарын орындамаған.
Сот үкімімен «С» есімді борышкерге ҚР ҚК 139-бабымен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын ескертеді.