жұма, 18 сәуір, 2025

Бокстан Қазақстан чемпионы Ресейдегі халықаралық жарыстың бірінші айналымында жеңіліп қалды

/
moldashev_52

Қазақстандық боксшы Дәулет Молдашев Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

57 келіде жұдырықтасатын ол бірінші кездесуінде Корей Халық Демократиялық Республикасының боксшысы О Бомға қарсы бокстасты. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Аталған турнирге Қазақстан құрамасы атынан 11 боксшы қатысып жатыр.

Еске сала кетейік, Дәулет Молдашев былтыр Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары