бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Қазақстандық түлек әлемнің үздік университетіне түсті

/
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Nazarbayev University мен Йель университетінің түлегі Әсел Ибадулла әлемнің үздік университеттерінің бірі Стэнфордта докторантураға түсті.

Әсел NU-да биология ғылымдары бойынша бакалавр дәрежесін алды, ал Йельдегі магистр дәрежесі кезінде ол Йель медицина мектебіндегі ERIC (Зерттеу және инновациялар орталығында) зерттеуші-интерн және SalivaDirect (COVID-19 ауруын ерте анықтау және диагностикалау орталығы) қызметкері болып жұмыс істеді.

Әсел медицина саласындағы оқуын және ғылыми тәжірибесін жалғастырып, докторантураға толық грантқа қабылданды.

«Менің негізгі мақсатым – Қазақстанға жұқпалы емес аурулар мен психикалық бұзылуларға қарсы тиімді шаралар мен алдын алу шараларын қалыптастыруға көмектесу. Сондықтан студенттік жылдарыңызды талпынуға, өзіңізді тану мен тұлға болып өсуіне арнаңыз», - деп түйіндейді Әсел Ибадулла.

Бөлісу: