бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Солтүстік Қазақстанда абақтыға есірткі алып кірмек болғандар ұсталды

/
polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы №51 түзету мекемесіне ысқышқа (мочалка) ерекше иісі бар жасыл түсті, өсімдік тектес зат салып кірмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дереу жедел тергеу тобы шақырылып, табылған зат тәркіленіп, сот - химиялық зерттеуге жіберілген.

Сараптамада ол жалпы салмағы 17,78 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты екендігі анықталды.

Тыйым салынған зат полиэтилен пакетке мұқият оралып, жуыну жөкесіне тігілген.

«Ерекше» сәлемдемені сотталғандардың біріне Қостанай облысының тұрғыны жіберген.

Осы факт бойынша азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу: