Олжас Бектенов өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
- Төтенше жағдайлар министрлігіне Экология министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамыр айының соңына дейін табиғи өртке қарсы республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу тапсырылды;
- Экология министрлігінің алдына әкімдіктермен бірге табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін одан әрі жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру міндеті қойылды;
- Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, өртті ерте анықтау және өршу жағдайын, сондай-ақ оны сөндіру алгоритмдерін модельдеу жүйелерінің қамту ауқымын ұлғайту;
- Әкімдіктер елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруы, өңірлерде авиацияны тарту үшін жанар-жағармай материалдарының қажетті қорын қамтамасыз етуі, биыл 10 мамырға дейін өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтарға қажетті су көздерін дайындауы қажет;
- өрт қаупі жоғары кезеңде ішкі істер министрлігіне демалушылардың орманда болуына тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды;
- Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және ақпарат министрліктері, әкімдіктер – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырсын.