бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Ақсуда қарттарға қатыгездік көрсеткен пансионат қызметкері сотталды

/
istockphoto.com

Ақсу қаласындағы «Қамкор» әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты қатыгездік көрсеткен қызметкердің резонанс тудырған ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пансионат қызметкері жүйелі түрде қарттарға физикалық күш қолданған және оларды жылы киімсіз көшеде қалдырған. Қарттар қатты тоңып, жаны азапталған.

Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: