сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Алматыда көршісі 13 жастағы қызды зорлаған

/
istockphoto.com

Алматы тұрғыны 13 жастағы қызды бірнеше мәрте зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жантүршігерлік ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Қыздың әкесінің айтуынша көршісі олардың сеніміне кіріп, 13 жастағы қызын мектептен алып кетіп отырған. Оқушы қызбен оңаша қалғанда зорлаған. Біраз уақыт өткеннен кейін қыз бала болған жағдайды өзі айтып берген.

Полиция тергеу бастағанын, ақпаратты тексеріп жатқанын мәлімдеді.

«Түрксіб ауданының Полиция басқармасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысын Полиция департаментінің басшылығы бақылап отыр», - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.
 

Бөлісу: