сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз Алматыдан табылды

/
polisia.kz

Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 16 жастағы қыз Алматыдан табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Кәмелетке толмаған қыз, Алматыға ата-анасының хабарынсыз өз бетімен келгенін айтты. Полиция, дереу оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдады - қыз бала заңды өкілдері келгенше қиын жағдайдағы балаларды қолдау Орталығына уақытша орналастырылды, - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Алдын алу жылы аясында Алматы полициясы кәмелетке толмағандардың құқықтарын анықтау және қорғау жұмыстарын күшейтті. Қыздың ата-анасымен және туыстарымен туыстық байланыстарды нығайтуға және қайталап рұқсатсыз кету жағдайларының алдын алуға бағытталған жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Бөлісу: