сейсенбі, 15 сәуір, 2025

Шетелге қаражатты заңсыз шығарған компанияға 150 млн теңге айыппұл салынды

/
istockphoto.com

Ақтау қаласында сот компанияны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот валюталық түсімді уақтылы репатриацияламағаны үшін компанияға 153 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қабылданған шешім валюталық операцияларды реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау маңыздылығын растайды және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.

Прокуратура заңдылықтың сақталуын қадағалау және елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастырады.

Бөлісу: