жұма, 18 сәуір, 2025

Экстремистік әрекет жасауға оқталғандар жазаланды

сурет: istockphoto.com

Жақында елімізде бірнеше адамға терроризмді насихаттағаны үшін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге сот шешімі шықты.

Оның бірі – Жамбыл облысының тұрғыны. Ол өткен жылдың қазан айында Telegram мессенджерінде «Ислам үшін» атты парақша ашқан және сол парақшада елімізде заңсыз террористік құрылым ретінде танылған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан-ислам қозғалысы» халықаралық террористік ұйымдарының бейнежазбаларын таратып отырған.
Ал Түркістан облысының тұрғыны өткен жылдың желтоқсан айында WhatsApp мессенджері мен Facebook әлеуметтік желілерінде «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының бейнежазбаларын таратып, діни-экстремистік әрекет деп танылатын іске барған. Әлеуметтік желіде елді заңсыз ұйымдарға ашық үгіттеген оларды құқық қорғау ұйымдары қамауға алған болатын.
Сотта мемлекеттік айыптаушылар қауіпті әрекетке барғандардың кінәсін толық дәлелдеп, оларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары