244
Қылмыстың жазасын қоғамдық жұмыстармен өтейді
Қылмыстың жазасын қоғамдық жұмыстармен өтейді
Өзбекстанда қылмыстық заңбұзушылықтар үшін қамауға алудың орнына міндетті қоғамдық жұмысқа салу енгізілмекші деп хабарлайды Өзбек телеграфтық агенттігі.
«Өзбекстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне азаматтардың сенімді қорғалуы мен бостандығын қамтамасыз етудің қосымша шаралары ретінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы сенаторлардың қолдауына ие болды. Заң бойынша Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Азаматтық процессуалдық, Қылмыстық-атқарушы кодекстерге, «Сот туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға өзгеріс енгізіледі.
Атап айтқанда, қамауға алу сияқты қылмыстық жауапкершіліктің орнына, жеңіл, қатал емес, бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жаза түрі – міндетті қоғамдық жұмысқа салу бекітілуде.
Сонымен қатар, қылмыс жасады деген күдіктілерді қамауда ұстаудың мерзімі қысқартылады, яғни 72 сағаттан 48 сағатқа кемітілмек. Қамауда ұстау, үйқамаққа жабу және алдын ала тергеу жұмыстары бойынша жаза қолдану 12 айдан 7 айға қысқармақ.
Сондай-ақ, азаматтық істің сот шығаратын шешімін 3 жылдан 1 жылға азайтты.
Осыдан сәл бұрын, 2016 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2017 жылдың 14 сәуірінен бастап қамау түріндегі қылмысты жазаны жоюға бұйрық берген болатын.