сейсенбі, 15 сәуір, 2025

«Таза бейсенбі»: ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қойылған ескерткіштер маңайы қоқыстан тазартылды

/
«AMANAT» партиясы

«AMANAT» партиясының бастамасымен өткізіліп келе жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бұл жолы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында жалғасын тапты. Акция аясында Үлкен Нарын ауылының орталық саябағы абаттандырылып, ондағы Ұлы Отан соғысына арналып қойылған ескерткіштер маңайы қоқыстан тазартылды.

 Іс-шараға белсенді жастар, партия мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысып, туған өлкенің тазалығы үшін бірге еңбек етті.

«Табиғат – біздің ортақ байлығымыз. «Таза бейсенбі» – тек қоқыс жинау ғана емес, бұл – қоғамды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Мұндай шаралар арқылы тұрғындар туған жеріне жанашырлықпен қарауды үйренеді. Біз бүгін Жеңістің 80 жылдығына орай ескертікшерді жуып тазаладық. Алда осындай игі істер тұрақты түрде  ұйымдастырылатын болады,» – деді Партияның Катонқарағай аудандық филиалының төрағасы Елдос Айтказин.

Бөлісу: