жұма, 18 сәуір, 2025

Есірткі өсірген Ерейментау тұрғыны сотталды

/
pixabay.com

2024 жылдың қараша айында Ерейментау полициясы аулаларды аралау барысында марихуана өсіретін жасырын фито-зертхананы анықтаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауданның 36 жастағы тұрғыны жалдамалы үйде марихуана өсірумен айналысқан.

Үйді тінту кезінде қарасора бұталары бар 59 құмыра, марихуана тұқымдары, электронды таразылар, ультракүлгін шамдар, термометрлер, жылытқыштар, салқындатқыштар және басқа жабдықтар табылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес тінту барысында алынған өсімдіктерде есірткі заттары анықталған.

Аудан сотының үкімімен ол қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары