жұма, 18 сәуір, 2025

Алматы облысында 3 ауылдың аумағы кеңейтілмек

/
istockphoto.com

Қарасай аудандық мәслихаты мен әкімдіктің Қарасай ауданының елді мекендерінің шекараларына (шегіне) өзгерістер енгізу туралы бірлескен шешімі дайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында 2025 жылдың 23 сәуіріне дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Атап айтқанда, келесі толықтырулар енгізіледі:

Райымбек ауылдық округі бойынша:

«Абай ауылының шекарасы (шегі) 58,5575 гектарға өзгертіліп, Абай ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 571,6575 гектар болып белгіленсін»

Жамбыл ауылдық округі бойынша:

«Батан ауылының шекарасы (шегі) 14,0000 гектарға өзгертіліп, Батан ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 223,4912 гектар болып белгіленсін»

Елтай ауылдық округі бойынша:

«Көктоған ауылының шекарасы (шегі) 58,4000 гектарға өзгертіліп, Көктоған ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 115,7900 гектар болып белгіленсін»

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары