жұма, 18 сәуір, 2025

ІІМ жүргізуші куәліктеріне қатысты мәлімдеме жасады

/

Әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралып жатыр. Алайда Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
  • мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.

Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары