226
Былтыр 12 лаңкестік акцияның жолы кесілді
Былтыр 12 лаңкестік акцияның жолы кесілді
Былтыр Қазақстанда 12 лаңкестік акцияның алды алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлім етті.
«2016 жылы Қазақстан аумағында жоспарланған 12 лаңкестік және зорлық-зомбылық акцияның алды алынды. Әрбір акция жөнінде брифингтерде жеке-жеке тоқталған болатынбыз. Осы бағытта жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Өкінішке қарай, қайғылы оқиғалар Қазақстанда да орын алды, одан біз маңызды сабақ алдық», - деді Нұрғали Білісбеков. ҰҚК басшысының орынбасарының хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен 2017-2020 жылдарға арналған Терроризммен күрес мемлекеттік бағдарламасы жасалуда. «Жуырда Үкіметте таныстырылады. Сол кезде мен бағдарлама туралы толық айтып бере аламын. Оның қағидалары, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шаралары мен тетіктері жайлы баяндап беремін», - деді ол.