бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?

/
istockphoto.com

7 сәуір күні KASE-де теңгенің биржадағы бағамы 1 АҚШ долларына 519,12 теңгені құрады, деп жазады turkystan.kz.

Ұлттық валюта бір аптада 2,9%-ға әлсіреді.

Қазақстан биржасындағы сауда көлемі 456,4 млн АҚШ долларына жетті. Бұл – жыл басынан бергі бір күндегі орташа көлемнен шамамен екі есе артық.

Не әсер етті?

  • АҚШ Президенті Әкімшілігінің бірқатар саяси шешіміне байланысты жаһандық қаржы нарықтарында құбылмалылық күшейді.
  • Мұнай бағасы кейінгі 4 жылда бірінші рет барреліне $65-тен төмен түсті.

 Ұлттық Банк қандай шара қабылдайды?

  • Бюджетке трансферттер бөлу аясында шетел валютасын сатуды жалғастыруда
  • Интервенция жасаған жоқ
  • Жағдайды бақылауда ұстап отыр, қажет болған жағдайда шара қабылдауға дайын.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары