Атыраулық құтқарушылар былтыр күзде кісі қолынан қаза тапқан 23 жастағы Яна Легкодимованың мәйітін іздестіру жұмыстарын қайта бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Яна былтыр 18 қазанда із-түссіз жоғалып кеткен. Кейін оны өлтіріп, өзенге лақтырып жібергені белгілі болды.
Құтқарушылар қысқа дейін іздестіру жұмыстарын жүргізген. Биылғы 20 наурызда іздестіру жұмыстары қайта басталған.
«Күн сайын 23 қызметкер, бес техника, жеті жүзу құралы жұмылдырылып, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 20 наурыздан бастап 138 рет суға сүңгіп, 21 070 шаршы метр аумақ тексерілді», - деді Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.