Сербия президент сайлады

Сербия президент сайлады

Сербия президент сайлады
ашық дереккөзі
226
Президент сайлауында басым дауыс жинаған үміткер Александр Вучич Сербия президенті болып сайланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Вучичке Сербия Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев А.Вучичті Сербия Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады. «Сіздің басшылығыңызбен Сербия өркендеу жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады. Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара қарым-қатынастың дамып келе жатқанына қуаныштымын. Астана мен Белградтағы кездесулерімізді жылы сезіммен еске ала отырып, елдеріміздің достығы мен ынтымақтастығы одан әрі нығая түседі деп сенемін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Сербия халқына бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта. Сербиядағы президенттік сайлауда бақ сынау үшін барлығы 11 үміткер тіркелді. Олардың ішінде елдің қазіргі премьер-министрі Александр Вучич оқ бойы озық шықты. Ал Вучичтің осы саяси шарадағы бақталастарынан экс-омбудсмен Саша Янкович, Сербияның бұрынғы сыртқы істер министрі Вук Еремичті атауға болады. Ел заңнамасы бойынша Сербия президенті тікелей дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады.

Серіктес жаңалықтары