бейсенбі, 17 сәуір, 2025

«Некесіз туды»: Аида Кауменова ел білмейтін құпиясын жария етті

/
You tube/скриншот

Белгілі дизайнер Аида Кауменова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Сән әлемінің өкілі қызы өмірге некесіз келгенін айтты.

«27 жасымда тұңғышымды дүниеге әкелдім. Ол кезде мен үшін де, ата-анам үшін де қиын заман еді. Қызымды  некесіз дүниеге әкелдім.  Бірақ бойыма бала біткенде «Өзім бірден дүниеге әкелемін» деп шештім. Көп қыздар баланы алдырып тастап, перзентханаға қалдырып кетті. Мен ата-анамның махаббатына малынып өстім. Өсектеген де, сөз еткен де адамдар болды. Ол кезде мен Италияда оқып жүрген едім. Аудармашы беларусь қызы жанымда болды. Сол мені дәрігерлерге апарып, көмектесіп жүрді. Елге қайтатын кезде анамның сіңлісіне айтып қойдым. Үйдегілер мен келгенде ішімнің шыққанын көрді. Бірақ қатты ұрысып, айқайлаған емес. Қызымды бәрі жақсы көреді», – деді дизайнер.

Сондай-ақ ол екі рет тұрмысқа шыққанын мәлім етті.

«Қызымның әкесіне рақмет айтамын. Менің өмірімнің өзгеруіне ықпал етті. Сол кісімен бірге өмір сүргенде 2-3 жылдан кейін ажырасып кетер едім. Біз жүріп жүрген кезде де ол маған үйленуге қатысты әңгіме қозғамаған. Аяғым ауыр екенін білсе де, алған жоқ. Одан кейін екі рет тұрмысқа шықтым. Бұрынғы жұбайларыммен мінезіміз үйлеспеді», – деді сән әлемінің жұлдызы.

Бөлісу: