Астанада полицей мен мүгедектігі бар азаматтың арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Астана қалалық полиция департаменті ер адамның азаматтарды мазалап, қайыр сұраумен айналысқанын мәлімдеді.
"Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция жасағы тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Қызметкерлер азаматтарды мазалап, қайыр сұраумен айналысатын тұлғаларға ерекше назар аударады. Мешіт маңында жүрген жамағаттың шағымы бойынша, адамдардың еркін қозғалуына кедергі келтіріп, мазалаған азамат анықталды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деп хабарлады департаменттен.