дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

Алматы әуежайында әйелді кепілге алған азаматқа қатысты сот басталды

/

Бүгін Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кепілге алу ісін Түрксіб аудандық соты қарап жатыр. 67 жастағы күдіктіге қатысты бірнеше бап бойынша айып тағылған: кепілге алу, қару қолдана отырып жасаған бұзақылы, терроризм туралы жалған хабар беру.

Айта кетейік, кепілге алу оқиғасы биылғы жылдың 7 наурызында болған. Күдікті оған дейін де автобуста бойжеткенді ұрып, жауапкершілікке тартылған. Былтырғы жылдың желтоқсанында сол қылмысы үшін бір жылға бас бостандығы шектелген.

Бөлісу: