Әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр. Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдың 12 сәуірінен бері алғаш рет 63 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 4,43 пайызға арзандап, барреліне 62,67 долларға түсті.
WTI маркалы мұнай бағасы 4,59 пайызға арзандап, барреліне 59,14 долларға түсті.
Айта кетейік, мұнай бағасының құлдырауы 3 сәуірде басталды. Сол күні АҚШ президенті Дональд Трамп 185 мемлекеттен келетін тауарлардың тарифін көтерген болатын. Жаңа баж салығы салынған елдер қатарында Қазақстан да бар.