Облыс орталығында трамвай депосына апаратын көпірдің артында қырық жастағы белгісіз ер адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайыт Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап..
Жедел жәрдем оқиға орнына 7 минутта жеткен. Бірақ жәбірленуші өте ауыр дене жарақатын алғандықтан, құтқару мүмкін болмады.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір бұл іске қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп түсіндірді ведомствода.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқарма егжей-тегжейлі ақпаратты жарияламайды.