Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 1984 жылы туған ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл — елімізде сирек кездесетін жағдай. Сәби — ұл бала, әрі отбасындағы алтыншы перзент. Бұған дейінгі бес баланың төртеуі ұл, біреуі қыз.
Ана да, бала да аман-есен, жағдайлары жақсы. Ең таңғаларлығы — алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 6 719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3 271-қыз бала, 3 448-ұл бала.