бейсенбі, 10 сәуір, 2025

Ұшақта бортсерік пен жолаушыны сабаған азамат 3 жылға сотталды

/
pixabay.com

Сотталушы ішімдік ішіп, мас болып, «FlyArystan» АҚ-ның Астана – Өскемен бағытындағы әуе кемесі бортында бұзақылық жасап, сол арқылы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, әуе кемесінің бортсерігіне күш көрсетіп, оны ұрып-соғып және жолаушының ескертуін елеместен, оны да ұрып-соғып, екі жәбірленушіге де дене жарақатын келтірген.

Оны рейстен түсіру кезінде бұзақылық ниетпен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген.

Ол биылғы 20 ақпанда сот үкімімен Т. терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны (ҚК 273-бабы) және әуе кемесінің бортында бұзақылық жасағаны үшін (ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы) бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

Астана қалалық соты оның адвокатының сол үкімге берілген апелляциялық шағымын қарады.

Апелляциялық шағымда оның адвокаты бас бостандығынан айырмай, басқа жаза тағайындауды сұраған.

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бөлісу: