Алматы облысы, Алатау қаласы, «Энергетик» саяжайының тұрғыны үйіне жылан кіріп кеткенін айтып, құтқарушыларға хабарласқан.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен 2 рептилияны ұстап алып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен алыс, қауіпсіз жерге жіберді.
ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.