Алматыда былтыр қыркүйек айында жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
1983 жылы туған Қожбанов Жігер Жалғасбекұлы 2024 жылы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен. Ер адам Әуезов ауданы, Жетісу-2 шағынауданы, 50-үйден шығып кеткен.
Еріктілердің айтуынша, жоғалып кеткен адамды 2025 жылғы 3 сәуірде Алматы облысының аумағынан полиция қызметкерлері тапқан. Бұл істің басқа егжей-тегжейі нақтыланбаған.