210
"Қару-жарақ қоймаларына жақын жерді бермеу керек"
"Қару-жарақ қоймаларына жақын жерді бермеу керек"
Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жер учаскелерін қару-жарақ қоймаларына жақын бермеу қажеттігін еске салды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Мен әкімдерге бір мәселені жеткізейін деп едім. Қазір заң бойынша кейбір нысандар, әсіресе, қару-жарақ қоймалары айналасындағы қауіпсіздік аймақтары анықталған. Сондықтан жергілікті жерде xалыққа жер учаскелерін бергенде осыны ексеруді сұраймын. Себебі жеке тұрғын үйлерді саламыз деп, олар қару-жарақ қоймаларына жақындап келеді. Ал біздегі қоймаларда жойқын қару-жарақтар бар, қандай да бір диверсиялық әрекеттер кезінде xалыққа да, құрылыс нысандарына да қауіп төнуі әбден мүмкін", - дейді Жасұзақов.
Еске сала кетейік, бүгінгі отырыста ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Санкт-Петербургтағы террактіге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген ақпаратқа түсініктеме берді.