Шығыс Қазақстанда қатты желдің салдарынан тұрғындар жарықсыз қалып, кей жерлерде үйлердің шатырын жұлып әкетіп, әбігерге салды, деп жазады inbusiness.kz.
Риддерде барлығы 1 237 үй жарықсыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, халық арасында зардап шеккен ешкім жоқ.
– Жедел әрекет ету штабы құрылды. Барлық коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтардың өтініштері кешіктірілмей қарастырылуда, – деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Қатты желден Ұлан ауданы мен Өскемен қаласындағы әлеуметтік нысандарға да зақым келтірді. Мәселен Өскемендегі "Халифа Алтай" мешітінің күмбезін сындырды.