Жайлы орта құру – ортақ міндет

/
Жайлы орта құру – ортақ міндет

Абай облысында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасып жатыр. Курчатов қаласында Жеңіс алаңының қары күрелді. Акцияға «AMANAT» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары және мемлекеттік қызметшілер, жастар қанатының еріктілері қатысты. 

30-ға жуық адам қатысқан акция бары­сында 7 000 шаршы шақырым ау­мақ­тың қары күрелді. «Таза бейсенбі» ак­циясына өз еркімен қатысатын аза­мат­тардың саны артып, студенттер де қол­дау білдіруде. Өңірде бұл игі іс-шара әр аптаның бейсенбісінде тұрақты түр­де өткізіліп отырады.

– Еліміздегі экологиялық жағдайды жақ­сартуға бағытталған акция аясында осы­ған дейін бірнеше көшелер мен ау­ла­ларды тазарттық, ардагерлерге құр­мет көрсетіп, ескерткіштер маңын жи­на­дық. Бұл жолы да ескерткіштер маңын таза­лауды ұйғардық. Біз таза қа­ла, таза экоголия үшін біргеміз, – дей­ді Курчатов қалалық Жастар ресурстық ор­талы­ғы­ның директоры Айжан Мұсатаева. 

Ал Бородулиха және Жарма аудан­да­рында мектептердің аумағы мен ба­ла­лар саябағы қардан тазартылып, 40-тан астам белсенді қатысқан акцияда 5,5 тонна қар шығарылды. 

– Бұл іс-шара ауданымызды көр­кей­туге және тұрғындардың өмір сапасын арт­тыруға үлкен үлес қосады. Эколо­гия­лық мәдениетті дамытып, таза әрі жай­лы орта қалыптастыру – ортақ мін­­­­­детіміз, – деді «AMANAT» пар­тия­сының Жарма аудандық бастауыш пар­тия ұйымы тобының төрайымы Арай­лым Каримжанова.
 

Бөлісу: