216
Қазақстан тумасы Санкт-Петербургтегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікке ілінді
Қазақстан тумасы Санкт-Петербургтегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікке ілінді
3 сәуір күні Санкт-Петербург метросында болған жарылысты ұйымдастырған 22 жастағы Қазақстан тумасы Максим Арышев болуы мүмкін. Мұндай болжамды «Фонтанка» интернет-газеті жасады деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алайда "Открытая Россия" жас жігіттің әлеуметтік желілердегі парақшасына зерттеу жүргізіп, топтастарымен сөйлесіп, Максимнің қылмыс жасаушы емес, лаңкестік құрбаны болуы мүмкін деген тұжырымға келді.
Максим Арышев - Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің 3-курс студенті. Университеттің бас корпусы Грибоедов су арнасының жағалауында орналасқан. 3 сәуір күні 14.15-те Арышев үшінші сабақтан шыққан және төртінші сабаққа бармауды ұйғарған.
«Үшінші сабақтан кейін ол әдеттегідей Невский проспект метро стансасына кеткен, ол үнемі сонда баратын», - деп сұхбат берді Арышевтың топтасы Юрий Романов «Открытая Россияға» берген сұхбатында.
«Ъ» деректеріне сүйенсек, жарылыс екінші вагонда болған. Онда Арышевтың болуы әбден мүмкін; оның жарылыс эпицентріне жақын болуы да жас жігіттің қылмысқа қатысы бар деген «Фонтанка» дереккөздерінің күдігін ұлғайтты.
Сондай-ақ, ол Максимнің БАҚ лаңкестік орындаушысы атаған бақылау бейнекамерасындағы адамға еш ұқсамайтынын айтты. «Оның күртесі де мүлдем басқа еді, сұр түсті пиджак секілді. Бұл Максим емес».
ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің Фейсбук парақшасында Санкт-Петербургтегі терактіге қазақстандықтың қатысы болуы мүмкін деген ақпаратқа орай пікірін білдірген еді. «Максим Арышевтың Санкт-Петербургтегі терактіге қатысы бар деп айтуға әлі ерте. Оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Еске сала кетейік, Санкт-Петербург метросындағы жарылыс дүйсенбі, 3 сәуір күні "Сенная площадь" және "Технологический институт" стансалары арасында болды. Соңғы деректерге сәйкес, теракт салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 45 адам ауруханада жатыр. Тағы бір істен шыққан жарылғыш зат «Площадь Восстания» стансасынан табылды.