сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Бас қатты ауырып тұрса үй жағдайында не істеу керек?

/
pixabay.com

Бас ауыруы – кең таралған симптомдардың бірі. Әрқайсымыздың басымыз ауырады. Осындай кезде бас ауырғанын басатын әдіс-тәсілдерді ұсынамыз.

  • Бас ауырғанын жылдам қойдыру үшін рецептісіз сатылатын, ауырғанды жеңілдететін дәрілер ішіңіз. Бұл дәрілердің көпшілігі 30 минут ішінде әсер етеді.
  • Суды көп ішіңіз. Құсқаннан кейін немесе алкогольді ішімдікті көп ішкеннен кейін ағзада су жетіспесе басты ауыртуы мүмкін. Су ішкеннен кейін бас ауырғаны біртіндеп кетеді. Сондай-ақ кофе, тәтті сусындар мен ішімдік ішпеген дұрыс. Олар ағзаны сусыздандырады.
  • Тыныш, қараңғы жер тауып, демалыңыз. Мүмкіндік болса жарты сағат, бір сағат жатыңыз. Пердені жауып, жарықты өшіріп, терең тыныс алып, тынығыңыз. Кереует пен жастығыңыз ыңғайлы болсын.
  • Бөлмедегі температураны реттеңіз. Біреу желдетілген, салқын жерде демалғысы келсе, енді біреу көрпе жамылып, жылы жерде жатқысы келеді. Өзіңізге қолайлысын таңдаңыз.
  • Салқын компресс пайдаланыңыз. Маңдайға басылған жұмсақ және салқын компресс қан тамырларын тарылтуға көмектеседі. Бас ауырғаны әжептәуір басылады.
  • Ұзақ әсер ететін компресс дайындаңыз. Дымқыл компрессті пакетке салып, 30 минутқа мұздатқышқа қойыңыз. Содан кейін оны алып маңдайыңызға басыңыз. Мұндай компресстің әсері ұзаққа созылады.
  • Басыңызды, мойын мен құлағыңызды сипап, массаж жасаңыз. Жеңіл массаж қан айналымын жақсартады.
Бөлісу: