Абай облысының Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қатарластарын жабылып соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот оларды бала тәрбиелеуде ата-аналық міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен ата-аналардың бірі бес тәулікке қамалды. Төрт жасөспірімнің ата-аналарына 78 640 теңгеден айыппұл салынды.
Бұған дейін сот қатарластарын ұрып, онысын видеоға түсірген жасөспірімдердің өздеріне қатысты азаматтық істі қараған. Сот шешімімен олар арнайы мектепке жіберілген болатын.