Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылында жол апаты болып, бір адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 31 наурыз күні кешкі 23:00 шамасында болған. Audi автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау даңғылымен келе жатып, Дүйсенбеков көшесіне бұрылар тұста жылдамдықты асырып, көлікке ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Жол бойында кетіп бара жатқан екі адамның бірі – әйел адам қаза тапқан. Екінші жүргінші, автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.