сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Димаш Құдайберген Ақордада өнер көрсетті

/
Сурет: dimash.news

Димаш Құдайберген Словения Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Ақордада өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

31 наурызда Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді.

Ақорда резиденциясында бірқатар іс-шаралар өтті. Салтанатты қабылдауда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қазақтың халық әні «Дайдидау» және француз тілінде «Sos d’un terrien en détresse» әндерін орындады.

Словения Президентінің өз мойындауы бойынша, қазақстандық әншінің ең үлкен жанкүйері. Пирц-Мусар ханым Димашпен әңгімесінде оның концертінде болғанын атап өтті. Димаш Пирц-Мусар ханымға ілтипаты үшін алғысын айтты.

Бөлісу: