сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Жеңістің 80 жылдығы: Қорғаныс министрі депутаттармен бірге көшет отырғызды

/
www.gov.kz

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары аясында көшет отырғызды. Көгалдандыру акциясы Ұлы Жеңістің мерейтойына арналып отыр.

Отырғызылған көшеттердің бір бөлігі Армия үйі, Даңқ мемориалы және 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағын қамтитын мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ.

Акцияға Парламент депутаттары, Бас әскери прокурор әділет генерал-майоры Дастан Секенов, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, Алматы қаласы әскери-тарихи мұражайының басшысы Алуа Байқадамова, жергілікті әскери басқару органдарының, қалалық әкімдіктің, ардагерлер ұйымдарының өкілдері және «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. 

Қорғаныс министрі Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алуға арналған экологиялық акция отандастарымыздың Жеңіске қосқан үлесіне деген құрмет деп атап өтті.

– Мегаполисте 80 түп ағаш отырғызылмақ. Жалпы Қарулы күштердің әскери бөлімдері бар әр гарнизонда осынша көшет отырғызылады. Осылайша біз Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсетеміз, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Бөлісу: