сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Доллар бағасы өсіп жатыр

/
pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағамы 504,44 теңгені құрады. Осылайша 0,87 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 503,42 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 504,17 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 507,34 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 28 наурызда доллар бағасы 4,95 теңгеге көтерілген болатын.

Бөлісу: