сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Оқудан шығып қалған студент сот шешімімен университетке қайта қабылданды

/
pixabay.com

2023 жылы талап қоюшы М. ЖОО-ға көп балалы отбасыларға арналған квота бойынша бөлінген мемлекеттік грант негізінде «Бағдарламалық инженерия» мамандығына оқуға түскен.

2024 жылдың маусымында студент емтихан тапсыру кезінде академиялық адалдықты бұзғаны үшін оқудан шығарылған.

М. оқудан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, мемлекеттік білім беру гранты шарттарымен екінші курста қайта қабылдау туралы талап қоюмен елордалық сотқа жүгінді.

Талап қоюда оның өзін нашар сезінгені, емтиханға кешігіп қалғаны және жол бойында жүйеге кіріп, емтиханды қашықтан тапсырғаны көрсетілген. Ол оқудан шығаруды заңсыз деп санайды, себебі оқуға түсу кезінде 2022 жылғы Академиялық адалдық ережелері қолданылып, онда аудиториядан тыс жерде емтихан тапсырғаны үшін оқудан шығару қатаң көрсетілмеген.

Сот, университет студенттің жаңа ережелермен уақтылы танысуын қамтамасыз етпегенін, нормативтік актіні қолданысқа енгізу тәртібі туралы заңнаманың талаптары бұзылғанын анықтады. Ереженің жаңа редакциясы ресми түрде университет сайтында студент оқудан шыққаннан кейін ғана орналастырылған.

Көрсетілген мән-жайды ескере отырып, сот оқудан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, сондай-ақ мемлекеттік грантты қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Шешім заңды күшіне енді.

Бөлісу: