Әншінің айналасына реніші бар сияқты.
Әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жан дүниесіндегі шерін тарқатып, ойын жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жуырда спорт залдан хамамға кіріп орамалды еңкейіп алғаным сол-ақ еді белім тырс ете қалды. Содан бір апта орнымнан тұра алмай жатып қалдым. Салмаған укол ішпеген дәрі түспеген МРТ қалмады. Соңында бәрі кері әсер беріп ісініп аурып болмағасын больничныймен Лена досымның ақылын тыңдап өз өзімді қолыма алуға тура келді. Бәрін тастап, Астанадағы үйіме келдім. Тибеттің шөп дәрісін қабылдай бастадым. Аяғымнан тұрдым. Ісік бәрі қайтты. Көңіл күй жәйлап орнына келе бастады.
Осының бәрі күнделікті күйбің тірлік, қайнаған атыс шабыс жұмыстан. Өмірде ең қиын сорақы іс екі беткей сатқын адамдардың ортасында жұмыс істеу. Соғыс майданында жүргендей қай күні қай жерден граната басып кетер екем деп алаңдаған уайым да жоқ емес.
Қазір әуелі шақырған жерге де бармайтын болдым. Өйткені, Қонаққа бара қалсаң жұрттың қолында телефон сені мергендеп тұрады. Бәленің бәрі тілде демекші өз басыма бәле тауып алмайыншы деп сасқалақтап айтқан тілегімді өзім түсінбей қалатын болдым.
Баяғыда ауылда бір шал жалғыз өзі жүреді екен. Неге жұртпен араласпайсыз десе, Сөйлесетін адам таппай жүрмін деп. Ия, өз деңгейіңдегі адаммен сөйлесе білу достаса білуде бір ғанибет! Өмір жолымда не бір керемет тұлғалар болды сәулесін шашқан. Лаулап тұрушы ем. Ол кезде менде асқақ арман, мінез, сұлулық, сенім, рух дух болатын. Қазір жоғалтып алған секілдімін…Өйткені маңымда өзім секілді жанып тұрған қиялшыл арманшыл іскер өнерді сүйетін қолдайтын адал жандар қалмағанда жаныңда тәніңде аура бастайды екен», – дейді ол.