Ол Өскемен қаласына тұрмысқа шыққан.
Әнші, актриса, тележүргізуші Салтанат Серкебаева «Мамский әңгіме» подкастына сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы сыр шертті, деп жазады turkystan.kz.
«Өзім Ұлытаудікімін. Шығысқа тұрмысқа шықтым. Өскемен қаласына гастрольге барғанда бізді менің болашақ күйеуім күтіп алды. Сөйтіп танысып, араласып кеттік. Ол Өскеменнен Алматыға ұшып келіп-кетіп жүрді. Екеуміз кездеспей тұрып, бір апта бұрын Құдайдан «Маған махаббат жіберші» деп тіледім. Танысқанда бірден ғашық болған жоқпын. Сөйлесіп, таныса бастағанда қызығушылықтарымыз бір екенін, менің адамым екенін түсіндім. Бір айдан кейін неке қидық. Мен Өскеменге бардым. Тойымызды біраз уақыттан кейін жасадық. Кішкентайлы болдым. Босанған соң депрессияға түстім. Қазір көмекшім бар. Жұмысым жеңілдеді», – дейді ол.