Олар әртүрлі мерзімге сотталды.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары мен Тұрғын-үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы жол жөндеу жұмыстарының орындалғаны туралы актіге еш қиындықсыз қол қою үшін кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген.
Алайда, мемлекеттік айыптаушылар пара беру және алу фактілерін даусыз дәлелдеген.
Олар 3,5 – 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынған.
Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейді.
2025 жылғы 14 ақпанда соттың үкімі заңды күшіне енді.