сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған қазақстандық Ресейде ұсталды

/
istockphoto.com

Ол былтыр қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды.

Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған тұлға 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген.

«Бизнес субъектісінен 50 млн теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды. Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,  – делінген ақпаратта.

Бөлісу: