сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Алматы облысында үш есірткі зертханасы анықталды

/
istockphoto.com

Наркобизнеске тиесілі 600-ден астам банк шоты бұғатталды

Алматы облысының Полиция департаменті өңірде есірткіге қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында үш есірткі зертханасы анықталған. Сондай-ақ есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендердің қаржы арналарын бұғаттау жұмыстары жүргізілуде.

Наркобизнеске тиесілі 600-ден астам банк шоты бұғатталып, жалпы көлемі 18 миллион теңгеге жуық қаражаттың қозғалысы тоқтатылған.

Бөлісу: