сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы деректі фильм эфирге шығады

/
Маңғыстау облысы әкімдігі
Бұл фильм – жай ғана оқиғалар хроникасы емес, бортта болған адамдардың естелігі

2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтауда болған сұмдық әуе апаты туралы деректі фильм Baku TV эфирінен ертең, 31 наурыз күні сағат 22:00-де көрсетіледі. “J2-8243: Соңғы рейс” деп аталатын бұл туынды сол қайғылы күнде өмірі мәңгі өзгерген адамдар туралы баяндайды.

Baku.tv мәліметінше, фильмнің авторлары аман қалғандардың естеліктерін, қаза тапқандар туралы оқиғаларды, сондай-ақ апат орнына алғашқылардың бірі болып жеткен құтқарушылар мен дәрігерлердің әңгімелерін жинады.

“Бұл фильм – жай ғана оқиғалар хроникасы емес, бортта болған адамдардың естелігі. Олардың тарихы ұмытылмауы керек”, – делінген телеарнаның анонсында.

Әлеуметтік желілерде фильмнің шығуы қызу талқылануда. Көпшілік оны көруге қорқатынын мойындап, бұл қайғылы оқиғаны қайта еске алу тым ауыр екенін айтады. Ал басқалары премьераны асыға күтіп, рейстің соңғы минуттары және аман қалғандардың өртенген ұшақтан қалай шыққаны туралы көбірек білгісі келеді.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Ақтауға бағыт алған Әзербайжан әуе желілерінің J2-8243 рейсі апатқа ұшырап, бортта болған 67 адамның 38-і қаза тапқан еді.

Бөлісу: